USD: 486.9 / 489.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Қазақстандық ата-аналар балаларын eGov-та "жалған" үйірмелерден тауып жатыр

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Ұл-қызыңыз өзі де білмейтін үйірмелерге тіркелген болуы мүмкін.

Қазақстандық ата-аналар eGov порталынан балаларын өздері білмейтін тегін үйірмелер мен секцияларға тіркелгенін байқап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Әлеуметтік желілерде ата-аналар балаларының спорт, музыка, шахмат, робототехника секілді үйірмелерге қатысушы ретінде көрсетілгенін, алайда олардың бұл сабақтарға мүлде бармағанын жазуда, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ата-аналардың айтуынша, мәселе мемлекет қаржысына қаржыландырылатын тегін үйірмелерге қатысты болып отыр. Кей жағдайда мектептерде мұндай секциялар мүлде жоқ болса да, балалар қатысушы ретінде тіркелген.

Алматылық Айсұлу Абдрахманова ұлының мектепте тегін шахмат үйірмесіне қатысатыны eGov жүйесінде көрсетілгенін айтқан. Алайда баласы мұндай үйірмеге бармаған, әрі мектептің өзінде ондай секция болмаған. Ол мұндай жалған тіркеулер болашақта баланы жекеменшік орталықтардағы тегін үйірмелерге жазуға кедергі келтіруі мүмкін деп алаңдайды.

Әлеуметтік желілерде де осыған ұқсас шағымдар көбейген. Кей ата-аналар баласының домбыра, күрес, робототехника секілді бірнеше үйірмеге бірдей тіркелгенін кездейсоқ білгенін айтады. Тіпті кейбірі баласының мектебі немесе балабақшасы eGov-та өздігінен өзгеріп кеткенін жазып жатыр.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері тегін үйірмелерге қатысушылар тізімі мен деректерін жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары қалыптастыратынын мәлімдеді. Вице-министр Жайық Шарабасов мәселені шешу үшін жаңа жүйе әзірленіп жатқанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Оқу-ағарту министрлігі Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп, "әлеуметтік әмиян" жобасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл платформада балалардың үйірмелерге қатысуы туралы нақты әрі шынайы ақпарат көрсетіледі. Ал жалған деректер анықталған жағдайда ата-аналар мектепке немесе білім бөлімдеріне жүгініп, мәліметтерді түзете алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз