Тікелей эфир

Павлодарда екі балаға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған

Павлодар облысының прокуратурасы 21 млн теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтады.

Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

"Павлодар емханаларының біріне "Пентаксимнің" 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді. Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған. Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Тамақтан жаппай улану 3 есе өсті". Айжан Есмағамбетова кәсіпкерлерді ереже сақтауға шақырды


Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды. Кінәлі адамдар жауапқа тартылды.

Серіктестер жаңалықтары