Қазақстанда соңғы үш жылда жаппай тамақтан уланғандар саны 3 есе өсті. Тамақтану саласындағы кәсіпкерлер нормативтік-құқықтық актілердегі талаптарды сақтау үшін халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі қажет, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
2023 жылдың 7 айында тамақтан уланудың 17 жағдайы тіркелді. Зиян шеккендер саны – 363 адам, оның 140-ы балалар. Бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе төмен. 2022 жылдың 7 айында 26 жағдай тіркелген еді.
"11 жағдайда уланудың себептері қоғамдық тамақтану объектілерімен, 3 жағдайда балалар ұйымдарымен, ал 3 факті фаст-фуд жеткізу саласымен байланысты болды. Зардап шеккендердің 70 пайызында диагноз зертханада расталды. Аталған фактілер бойынша тергеп-тексеру мен зертханалық зерттеулер жүргізілді", – деді Айжан Есмағамбетова.
Оқи отырыңыз: "Гендерлік ауру": Неге әйелдердің буындары көбірек ауырады? Ревматолог дәрігермен сұхбат
Мұнымен қатар вице-министр қоғамдық тамақтану орындарындағы негізгі ереже бұзушылықтарды атап өтті:
- Қызметкерлер арасында ішек инфекциясы қоздырғышының анықталуы;
- Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және өндірістік бақылаудың болмауы;
- Өнімді дайындау, сақтау және өткізу шарттарын, тамақ дайындаудың технологиялық процесін бұзу, мерзімі өткен және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатсыз өнімді пайдалану.
"Жаппай тамақтан уланудың барлық факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілді, материалдар қылмыстық іс-әрекет белгілерінің бар-жоғын анықтау үшін ішкі істер органдарына берілді. Тамақтан улануды болдырмау үшін халыққа бірнеше қарапайым ұсыным бергім келеді: мейрамханалар мен дәмханаларды мұқият таңдау, жақсы деген мекемелерге ғана бару; рецептурасы термиялық өңдеуді, әсіресе теңіз өнімдерін көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан аулақ болу; үйде тамақ өнімдерін дайындау шарттарын, температуралық режимді сақтау. Сондай-ақ осы саладағы кәсіпкерлер мемлекеттің бизнесті сапалы дамыту және кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдап отырғанын есте ұстағаны жөн", – деп қосты бас санитар дәрігер.
Ары қарай Айжан Есмағамбетова кәсіпкерлердің нормативтік-құқықтық актілерде көзделген талаптарды сақтау үшін халық алдындағы әлеуметтік жауапкершікті сезінуі қажет екенін ескертті:
- Қызмет басталғанға дейін рұқсат құжатын алу;
- Қызметкерлерді уақытылы медициналық қарап-тексеруден өткізу;
- Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар тексерілген өнім берушілерден ғана шикізатты сатып алу;
- Тез бұзылатын өнімге ерекше бақылау жасай отырып, өнімді дайындау технологиясын, жарамдылық мерзімдерін және сақтау шарттарын қатаң сақтауға міндетті.
Оқи отырыңыз: №9 диета деген не және қант диабетінен қалай сақтанған дұрыс? Эндокринолог кеңестері
"Осындай қарапайым ережелерді сақтау халықтың денсаулығын сақтауға көмектеседі", – деді Айжан Есмағамбетова.