Тікелей эфир

Пәтер еуро мен алтыннан да тиімді инвестиция нысанына айналды

Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдары бір жылда 20,6%, ал Отбасы банкте 48,1% артты.

Қазақстандықтар банкте ақша жинаудан гөрі, бар жиған-тергенін тұрғын үйге инвестиция ретінде салуды жөн көреді. Елдегі экономикалық ахуал қиындаған сайын бұл үрдіс ұлғаюда, деп хабарлайды Finprom.kz сайты. 

Басылым сарапшылары Қазақстанда жылжымайтын мүлікке инвестиция салудың өте тиімді екенін айтады. Өйткені, дағдарыс кезінде депозит мөлшерлемесі, тіпті, құнсызданған соманы қалпына келтіріп бере алмайды. Оның үстіне ұлттық теңге халықаралық валюталарға қарай әлсіреп отырады. Сондықтан тұрғын үйді ертерек алғандар мүмкіндігінше ақшасын үнемдейді.

Осы жылғы тұрғын үй бағасын 2011 жылмен салыстырып көрсек, жаңа салынған пәтерлердің шаршы метрі 140,9% өскен, екінші сегменттегісі – 162,2%. 2011 жылдың қаңтар айымен салыстырсақ, 2021 жылдың қазан айында еуро курсы – 151,1%, доллар 189,5% қымбаттады.  


Оқи отырыңыз: 


"Тұрғын үй бағасы еуромен қатар қымбаттап отыр. Десе де долларды қуып жетпеген. Мұндай жағдайда халықтың Отбасы банктегі салымдарының өсуі заңды: ҚР-дағы тұрғындар үшін жылжымайтын мүлік қажеттілік қана емес, сонымен қатар, тартымды актив болып қала береді", – деп атап өтті сарапшылар.

Мұны цифрлар да растап отыр. Өткен жылдың қараша айында жекелеген салымдар портфелі 17,6% өсті. Ал коронавирус пандемиясы басталғанға дейін Отбасы банктегі салымдар бір жылда 27% өскен еді. Осы жылдың қараша айындағы мәліметке сәйкес Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдары бір жылда 20,6%, ал Отбасы банкте 48,1% артты.

Серіктестер жаңалықтары