Тікелей эфир

Парламент депутаттары каникулға шықты

Парламент бірінші сессияны аяқтап, каникулға кетті. Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясы жабылып, парламенттік каникулға кететіні хабарланды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірінші сессияның жұмысын қорытындылады. Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. 

Сессия қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында мемлекет басшысы қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар жүзеге асырылып, парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды. Бұл сессия барысында палаталардың үш бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті, — деді Ерлан Қошанов.

Төрағаның айтуынша, парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды. Оның 25-і қабылданып, 13 заңға президент қол қойды.


 

Серіктестер жаңалықтары