Тікелей эфир

"Ассамблеядан сайланған 5 сенатор басы-қасында жүруі керек". Тоқаев Парламентте депутаттық бірлестік құруды ұсынды

Мемлекет басшысыАссамблея қызметіне белсене атсалысу – баршаға ортақ міндет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Парламентте депутаттық бірлестік құруды ұсынды. Бұл туралы президент  Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясында айтты.

"Партияларды ортақ іске жұмылдырудың тағы бір маңызды жолы – Парламентте депутаттық бірлестік құру. Ассамблеядан сайланған бес сенатор бұл шаруаның басы-қасында жүруі керек. Этносаралық қатынас саласындағы өзін өзі басқару институттарын дамыту – маңызды міндеттің бірі. Ассамблея бұл жұмысты этномәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіру арқылы атқаруда", – деді президент.

Сондай-ақ, мемлекеттік орган басшыларына Ассамблея өкілдерімен тұрақты түрде, кемінде жарты жылда бір рет кездесу өткізу керектігін атап айтты.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет


"Осында министрліктердің, мекемелердің, аймақтардың, Парламенттің және Президент Әкімшілігінің басшылары отыр. Олардың көпшілігі – Ассамблея мүшесі. Ассамблея қызметіне белсене атсалысу – баршаңызға ортақ міндет. Ассамблея да әкімдіктер мен мәслихаттардың жұмысына атсалысуы қажет. Бір сөзбен айтқанда, Ассамблея және билік органдары өзара тығыз байланыста болуға тиіс. Мұның айрықша мәні бар.Құзыреттерді жоғарыдан төменге беру ісінде осы мәселені ескерген жөн. Мемлекеттік орган басшылары Ассамблея өкілдерімен тұрақты кездесіп отыруы қажет. Мұндай кездесулер кем дегенде жарты жылда бір рет өткізілуі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары