Бір жыл ішінде әрекетін қайталаған азаматтарға салынатын айыппұл мөлшері екі есе өседі.
ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасының "Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ, орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру" туралы 372-бабы бойынша ереже бұзғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Заңнамаға енгізілетін жаңа түзетулерге сәйкес, енді бұл айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі, деп мәлімдеді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев.
"Осы орайда ҚР әкімшілік жауапкершілік кодексінің орманды қалдықтармен, химиялық заттармен ластау және орман қорындағы жерлерге т.б. зиян келтіру туралы 372-бабының 4-бөлігіне жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отырмыз. Себебі, қазіргі санкциялар өз нәтижесін бермей отыр. Яғни теріс қылықтар санатынан қылмыстар санатына өткізсек. (...). 372-бап бойынша физикалық тұлғалар үшін 10 АЕК көлемінде жаза қарастырылған. Осы айыппұл көлемі 20 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Ал егер бір жылда осы әрекетін қайталаса, айыппұл тағы екі есе өсетін болады", – деп түсіндірді Данияр Тұрғамбаев.
Мұнымен қатар, ол мемлекеттік табиғи ұлттық парктерде қоқыс проблемасы барына тоқталды. Бүгінгі күнге дейін 1 863 рейдтік шара өткізілген. Рейдтің қорытындысы бойынша, 118 құқық бұзушылық анықталып, ұлттық парктер аумағынан жалпы салмағы 977,85 тонна қоқыс шығарылды.
"Ұлттық парктердің қызметкерлері тазалық сақтау шараларына бағытталған түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Осы мәселеге қатысты әкімшілік кодексте көзделген жаза түрінің қатаңдатылуы бұл мәселені шешуге көмектеседі деп болжанып отыр", – деп қосты Данияр Тұрғамбаев.
Еске салсақ, Ақтөбеде бюджеттен 250 млн теңге бөлінген ағаш санағы жобасының аяқсыз қалғаны туралы хабарлаған едік. Мердігер компания қалған 130 миллион теңгені алу үшін Ақтөбе қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімін сотқа берді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-