Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды

Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз
Жәбірленушіге 5 млн теңге өтеледі.

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты хабарлады.

Қылмыстық іс Алматы облысы Қарасай аудандық сотында қаралған. Актерге қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша айып тағылған.

Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді", – деп жазды адвокат.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін актер сот залында қамауға алынған. Сот Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды. Актерден оның пайдасына 5 миллион теңге өндірілетін болды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайы Фариза Сабырәлиевамен соттасқан. Сабырәлиева бұған дейін әлеуметтік желіде видео жариялап, өзі туралы шындыққа жанаспайтын әрі абыройына нұқсан келтіретін ақпарат таратылғанын айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау