Астанада тұрғын үй сатуда алаяқтық жасаған төрт адам сотталды

"Qyran" тұрғын үй кешені. Фото: Krisha.kz
"Qyran" тұрғын үй кешені. Фото: Krisha.kz
Жәбірленушілерге жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын 78 жылжымайтын мүлік нысаны берілді.

Астанада "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату кезінде алаяқтық жасаған "International Invest Company IIC" ЖШС-нің төрт қызметкері сотталды. Олар 8 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу барысында сотталғандардың сатып алу-сату шарттарының орнына брондау шарттарын, кепілақы туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдегені анықталған. Бұл құжаттар сатып алушыларға меншік құқығын бермеген.

Сонымен қатар клиенттерге пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлар мен автотұрақтардың макеті, техникалық паспорттар, сенімхаттар және компанияның жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтындай құжаттар көрсеткен. Нысандарды нарық бағасынан төмен бағамен ұсынып, мәмілелердің заңды екеніне сендірген.

Жәбірленушілер ақшаны қолма-қол төлеген, сотталушылардың жеке шотына аударған. Бұл төлемдер компанияның бухгалтерлік және банктік құжаттарында көрсетілмеген.

Бұдан бөлек, олар құрылыс салушы компанияның қаражатын иемденуге тырысқан. Компания атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеген. Алайда сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген.

Сот 35 жәбірленушінің жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асатын талабын қанағаттандырды. Сонымен қатар "International Invest Company" ЖШС пайдасына 3,9 млрд теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Жәбірленушілерге жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын 78 жылжымайтын мүлік нысаны берілді. Тағы 73 нысан адал ниетті сатып алушыларға берілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау