Курс ақысын есептеуде қызметкердің еңбекақысы, қажет тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді сатып алу шығындары ескеріледі.
Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігінің педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы бұйрығының жобасы жарияланды.
Курс қызметінің құнын есептегенде оны іске асыруға байланысты барлық шығындар ескеріледі. Жобада курстар қызметінің құны арнайы формулалармен есептелген.
Сағатына бір тыңдаушыға шаққандағы еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар нормасы персоналдың жылдық еңбекақы төлеу қорының жұмыс уақытының жылдық теңгеріміне қатынасы ретінде анықталады. Оған оқу процесіне қызмет көрсетуге және сүйемелдеуге қажет тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындар нормасы қосылады. Сонда педагогтердің біліктілігін арттыру курстары қызметінің құны шығады.
Сатып алуға жұмсалатын шығындар:
- жұмыс берушінің бір жыл ішіндегі жарналары (салықтар, алымдар және аударымдар) – 3,23 АЕК;
- тауарларды сатып алуға жұмсалатын шығындар (шаруашылық және кеңсе тауарлары, сертификаттар) –13,86 АЕК;
- жеткізушілердің жұмыстары мен қызметтерін сатып алуға жұмсалатын шығындар – 52,67 АЕК;
- ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да негізгі құралдардың амортизациясы – 9,3 АЕК;
- іссапарға жұмсалатын шығындар – 16,95 АЕК (күндізгі бөлімде өткізілетін курстар үшін).
Оқи отырыңыз: Оқу-ағарту министрі: Біліктілік арттыру курсының үш жыл сайын өткізілуі аттестация мерзіміне әсер етпейді
Осы шығындардың бәрін қосып, оны оқу сағаттарының бір жылдағы көлеміне бөлгенде шығындар нормасы шығады. Ал оқу сағаттарының бір жылдағы көлемі жылына білім алушылар контингенті мен оқу курсының ұзақтығын көбейткенде шыққан мәнге тең.
Ал еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар нормасына күнтізбелік жылдағы жұмыс уақытының теңгерімі, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеуге жұмсалатын шығындардың жылдық көлемі, педагогтің лауазымдық айлықақысы, коэффициенттер, медициналық сақтандыру аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары, білім алушылар саны әсер етеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
419
-
0
-
1
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
424
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
387
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
375
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
373
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
334
-
1
-
2
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
322
-
4
-
3
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
322
-
0
-
4
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
290
-
4
-
2
-
-
10Абай облысында жолаушылардың толық шыққанын күтпей, жүріп кеткен автобус жүргізушісі айыппұл төлейді
-
274
-
0
-
2
-