Аттестаттаудан өткен директорларға біліктілік санатына қарай 30, 50 және 100% қосымша ақы төленеді.
Мектеп директорлары 2021 жылдан бері жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік санатын растайды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі Іnformburo.kz порталының сауалына берген жауабында. Министрлік білім беру ұйымдарының басшысы аттестаттаудан қалай өтетінін түсіндіріп берді.
Мектеп директорлары мен әдістемелік орталық басшыларының үш түрлі біліктілік санаты бар. Олар:
- "басшы-ұйымдастырушы";
- "басшы-менеджер";
- "басшы-көшбасшы" біліктілік санаттары.
Директорлар біліктілік санатын растаған жағдайда еңбекақысына тиісінше 30, 50 немесе 100 пайыз қосымша ақы төленеді.
Бұл санаттарға қалай тапсыруға болады?
Білім беру ұйымының басшысы аталған лауазымда үш жыл отырғаннан кейін ғана біліктілік санатын алуға өтініш бере алады. Аттестаттау тәртібі үш бөлімнен тұрады:
- Біліктілік тестілеуі;
- Біліктілік бағалауы;
- Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау.
Оқи отырыңыз: "Мектеп директоры жұмысқа алу үшін ақша сұрады". Мұндай жағдайда қайда хабарласуға болады?
Біліктілік тестілеуі 180 тест тапсырмасынан тұрады. Атап айтқанда:
- "Заңнаманы білу" бағыты бойынша – 80 сұрақ:
- Еңбек кодексі – 20 сұрақ;
- Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс – 20 сұрақ;
- "Білім туралы" заңы – 20 сұрақ;
- "Педагог мәртебесі туралы" заңы – 10 сұрақ;
- "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңы – 10 сұрақ;
- "Басқарушылық құзыреттер" бағыты бойынша – 20 сұрақ.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Жұмыс ауыстырған мектеп директорларының қызметкерлерін ертіп әкетуіне тыйым салу керек
Тест нәтижесінде "заңнаманы білу" және "басқарушылық құзыреттер" бағыттары басым рөл ойнайды. Осы бағыттар бойынша:
- "басшы-ұйымдастырушы" – 70 пайыз;
- "басшы-менеджер" – 80 пайыз;
- "басшы-көшбасшы" – 90 пайыз балл алған жағдайда тесттен өткен болып саналады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды
-
261
-
0
-
2
-
-
2🔹️ “Браконьер” іс-шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
-
249
-
0
-
0
-
-
3Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты
-
253
-
0
-
0
-
-
4Балалар арасында қызылша ауруының көбеюіне екпеден бас тарту себеп болып отыр
-
268
-
0
-
0
-
-
5🗣30-ға жуық бала жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр
-
279
-
0
-
0
-
-
6ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды
-
223
-
0
-
0
-
-
7🇰🇿 🏒 «Барыс» көш басындағы «Металлургтен» басым түсті
-
207
-
0
-
2
-
-
8😨 Хамас содырлары Иерусалимде атыс жасады
-
199
-
0
-
0
-
-
9🔹 Қазақстанның басымдықтары Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұсынылды
-
193
-
0
-
0
-
-
10💬 Депутат мүгедектігі бар жандардың проблемасын шешу үшін бірқатар ұсыныс айтты
-
171
-
0
-
0
-