Тікелей эфир

"Мектеп директоры жұмысқа алу үшін ақша сұрады". Мұндай жағдайда қайда хабарласуға болады?

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова түсіндірді.

Мектеп директорларының мұғалімдерді жұмысқа алу кезінде ақша сұрау фактісі болған жағдайда, тиісті органға хабараласу керек, деді Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова.

"Былтыр педагогтарды жұмысқа қабылдау туралы шешімді мектеп директоры өзі қабылдайтын. Бір орынға бір мұғалім, екі мұғалім, бес мұғалім келіп тұрса да, өзі шештін. Осы уақытқа дейін әртүрлі жағдайлар болып келді. Осыны ары қарай болдырмау үшін министрлік педагогті жұмысқа қабылдау туралы ереже жариялады. Алдағы уақытта ондай факт болмауға тиіс деп есептейміз", – деді Шолпан Каринова.

Шолпан Каринова мұғалімдерді ақша сұрау фактісі болған кезде, тиісті органға хабарласуға шақырды.

"Егер мұнда жағдай орын алса, сұралған адам ашық жариялауы керек. Қай директор сұрады, не сұрады және кімнен сұрады деген сияқты. Сол кезде барлығымыз осы сұрақпен жіті айналысып, тиісті құқық қорғау органына бұл ақпаратты жеткізіп, тиісті шешім қабылдаймыз. Ол үшін жергілікті білім сапасын қаптамасыз ету департаменттеріне, құқық қорғау органдарының бәріне жүгінуге болады. Мұғалімдерді осыған шақырамыз. Бұл білім сапасында өте дұрыс емес фактілер деп есептейміз", – деді вице-министр.


Оқи отырыңыз: Биыл 1200-ден астам директор қызметін ауыстырады


 

Серіктестер жаңалықтары