Сенат төрағасы алдағы президент сайлауына лайықты үміткерлер қатысатынына сенімді екенін айтты.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа да лайықты үміткерлер түсетініне сенімді. Ол бұл туралы сенат кулуарында журналистердің сауалына жауап берген кезде айтты.
"Президент сайлауына лайықты үміткер табылады деп ойлаймын. Үміткер жоқ деп айтпаймын. Қазақстанда әртүрлі саяси күштер бар, азаматтар бар. Сол себепті алдағы сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа үміткерлер түсетін шығар деп ойлаймыз", – деді Мәулен Әшімбаев.
Оқи отырыңыз:
- Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын 2022 жылғы күзде өткізуді ұсынды
- Ерлан Қошанов: Президент сайлауына түспеймін. Биыл да, бұдан кейін де
Алайда сенат төрағасы Қазақстан халқының басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасын қолдап отырғанын атап өтті.
"Бүгінгі күні халқымыздың басым көпшілігі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасын, жасап жатқан шараларын, қадамдарын толықтай қолдап отыр. Сондықтан сайлау барысында халықтың көпшілігі бүгінгі елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаны қолдайды деп ойлаймын. Ол бағдарламаның негізгі мақсаты – әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу, бизнесті дамыту, әртүрлі топтарды тәртіпке шақыру. Сондықтан бұл жердегі ең басты мақсат – осы бағдарламаны жүзеге асыру. Алдағы президент сайлауында Қазақстан халқы осы өзгерістерді толықтай қолдайтынына сенемін", – деді Мәулен Әшімбаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-