Екінші орында ерлі-зайыптылардың бірінің құмар ойынға тәуелділігі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшінші сатыда, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мәдениет және ақпарат министрі ажырасуға әкеп соқтыратын себептерді атап өтті.
"Мұндай ортада өскен бала кейін өзінің жұбайына немесе жақындарына осындай әрекеттер жасауы мүмкін. Осы себептердің барлығы негізінен психологиялық сипатта болатын "заманауи кемшілік". Отбасында оның әр мүшесіне құрмет болу керек. Әйелді сыйлаған еркек оған қол көтермейді. Бұл дәстүрлі отбасы құндылықтарының мәселелері. Біз, ересектер, балаларды сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен өмір сүретіндей тәрбиелеуге жауапты болуымыз керек", – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?