USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Алматы әкімі Абай даңғылын биыл Үлкен Алматы айналма жолына дейін ашуды тапсырды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыдағы үш ірі жолды ұзарту жобасы 50 пайызға орындалды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Абай және Рысқұлов даңғылдарын, сондай-ақ Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (ҮАААЖ) дейін ұзарту жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қазір жобалардың құрылыс дайындығы шамамен 50%-ды құрайды. Ақсай өзені арқылы өтетін көпірлер, ҮАААЖ мен теміржол желілері үстіндегі жол өткелдері салынып жатыр.

Сонымен қатар жер телімдерін сатып алу жалғасуда. Абай даңғылы бойынша 82 жер учаскесінің 71-і, Рысқұлов даңғылы бойынша 190 жер учаскесінің 172-сі сатып алынған. Саин көшесі бойындағы жер телімдерін сатып алу толық аяқталған.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ, қажет қаржы толық қарастырылған және мердігер ұйым анықталған.

Әкім биылдың өзінде Абай даңғылы мен Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту арқылы көлік қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар қалада Рысқұлов даңғылы, Тілендиев, Ақын Сара және Солтүстік айналма көшелерін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау