USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Кипр Қазақстанның eGov жүйесіне қызығушылық танытты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Кипр Қазақстанның мемлекеттік қызметтерін цифрландыру тәжірибесін зерттемек.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр президенті Никос Христодулидис Ақордада бірлескен брифинг өткізіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударылды. Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, Кипр тарапы Қазақстанның электрондық үкімет жүйесіне (eGov) және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытындағы тәжірибесіне қызығушылық танытқан.

Қазақстан президенті бұл бағыттағы тәжірибені бөлісуге дайын екенін атап өтті.

"Кипр тарапы Қазақстанның eGov жүйесіне және елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты жобаларына қызығушылық танытып отыр. Біз бұл бағыттағы тәжірибемізді көрсетуге дайынбыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері де қаралды. Тараптар ғылым, білім, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

"Ғалымдар мен ғылыми мекемелер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге, білім беру, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Жалпы, бүгінгі келіссөздер табысты өтті деуге толық негіз бар", – деді мемлекет басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз