Орын жетіспеушілігі жөнінен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент көш бастап тұр.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбай премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында студенттік жатақханалар салу мәселесін көтерді.
Оның айтуынша, Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Қазақстанда 50 мың орынға арналған студенттік жатақханалар салынуы тиіс.
"Қазақстанда 1 миллионнан астам студент білім алады. Ал студенттерге жатақхана жетіспеушілігі 85 мыңнан астам орынды құрап отыр. Яғни 85 мың студент пәтер жағалап, оқуды емес, керісінше пәтерақының қамымен жүргені ой салмай ма", – деді Елнұр Бейсенбаев.
Депутаттың дерегінше, cтуденттер жатақханасының ең жоғары жетіспеушілігі Нұр-Сұлтанда (17 мың), Алматыда (35 мың), ал Шымкентте (10 мың) байқалады.
Оқи отырыңыз:
- Елордадағы тұрғын үй нысандары студенттік жатақхана болып қайта бейінделеді
- Алматыда жатақхана тапшылығынан студенттердің үштен екі бөлігі пәтер жалдауға мәжбүр
Елнұр Бейсенбаев 2021 жылдың қорытындысы бойынша 10 364 орынға арналған 49 жатақхана іске қосылғанын және биылғы жоспарға сәйкес 35 жатақхана іске қосылуы тиіс екенін алға тартып, бұл процесстің өте баяу, әрі тиімсіз шаралардың әсерінен уақытында орындалмайтын қаупі өте жоғары екенін айтты.
"Биыл салынуы тиіс 10 мың орындық жатақхананың 6 ай ішінде тек 1320 орынға арналған алтауының құрылысы аяқталған. Бұл жалпы құрылыстың 13-ақ пайызы. Оған қоса, 3,5 мың орынға арналған 9 жатақхананың құрылысы, яки биыл салынуы тиіс нысандардың 35 проценті бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталуы екіталай", – деді депутат.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
322
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
276
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
284
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
274
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
284
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
252
-
0
-
1
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
242
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
245
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
240
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
249
-
0
-
0
-