Нысандарды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған.
Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй нысандары студенттік жатақхана болып қайта бейінделеді. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері елордалық студенттердің тұрғын үйге қатысты мәселесін шешу үшін инвесторлармен тиісті келіссөздер жүргізді. Бүгінгі таңда 9 инвестор ғимараттарды қайта бейіндеуге дайын екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.
"Біз салынып жатқан, сондай-ақ, қолданысқа берілген тұрғын үй нысандары мен жатақхана ретінде пайдалануға болатын ғимараттарға бардық. Осы ретте тұрғын үйлердің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін егжей-тегжейлі қарастырдық. Нысандарды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Біз бұл мәселені, сондай-ақ, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін кешенді шешуді бақылауда ұстаймыз", – деп атап өтті БҒМ Қаржы орталығының ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин.
Сонымен қатар, БҒМ студенттік жатақханаларды қайта құру қарқынын жеделдету үшін жаңа жағдайлар жасалды. Атап айтқанда, ғимараттарды жатақхана етіп қайта құру кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшері екі есеге жуық ұлғайтылды. Яғни, студент алған әрбір орын үшін 47 АЕК-тен 92 АЕК-ке дейін. Бұл норма Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы объектілерге қатысты қолданылады. Мұндай жаңашылдық студенттік жатақханалар санын айтарлықтай арттыруға және білім алушылардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте аталған жатақханалар өзінің нысаналы мақсаты бойынша кемінде 20 жыл жұмыс істеуі тиіс.
Соңғы үш жылда елімізде 90-нан астам студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы 32 нысан қолданысқа беріледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-