
2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алған 50,9 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жыл ішінде жалпы сомасы 39,5 млрд теңгеге АӘК 78,1 мың отбасыға (413,7 мың адам) төленген.
Ең көп АӘК алушылар:
- Түркістан облысында – 15,8 мың;
- Шымкентте – 8,8 мың;
- Алматы облысында – 6,1 мың;
- Қызылорда облысында – 6,4 мың отбасы тіркелген.
Ең аз қамтылған өңірлер қатарында:
- Ұлытау – 363;
- Атырау – 840;
- Солтүстік Қазақстан – 1,2 мың отбасы.
АӘК алушылардың ішінде:
- Балалар – 66,6% (275,5 мың адам);
- Жұмыс істейтіндер – 17,8% (59,8 мың адам);
- Күтіммен айналысатындар – 12,2% (50,3 мың адам);
- Қалғаны – басқа санаттағы азаматтар (3,4%).
Оқи отырыңыз: Көп балалы отбасыларға не себепті атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудан бас тартып жатыр? 5 негізгі себеп
2025 жылдың басынан бастап АӘК тағайындауға жауапты учаскелік комиссиялардың жұмысы цифрландырылып, арнайы мобильді қосымша енгізілді. Бұл шешім өтініш берушінің жағдайын нақты бағалап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.