Тікелей эфир

"Ғашықтар", "Кеш", "Ұйқым келмейді". Астанада осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

Апта бойы астаналық театрлар өз репертуарындағы барлық талғамға және жасқа арналған ең жақсы қойылымдарды көрсетеді.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары концерттерді тамашалай алады. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

23 қаңтар күні сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында ""Үнсіздік" спектаклі көрсетіледі. Сонымен қатар келесі күні кешке "Астана Операда" "Біржан – Сара" операсын тамашалауға болады.

24 қаңтар күні кешкі сағат 19:00-де "Жастар" театры "Ғашықтар" спектакліне шақырады. А. Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры көрерменге "Келіндер көтерілісі" қойылымын, ал Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры "Кешкі 7" концерт-спектаклін ұсынады. Музыкалық жас көрермен театрында болатын "Қоштасқым келмейді..." қойылымын бір күннен кейін көре аласыз.

Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 24 қаңтар күні "В тени виноградника" мелодрамасы, ал келесі күні Гогольдің "Женитьба" қойылымы өтеді.

25 қаңтар күні сағат 11:00-де "Жастар" театрында жас көрермендер үшін "Ірімшік құмар тышқандар" ертегісін, Қ.Қуанышбаев театрында "Кеш" драмасын тамашалауға болады.

19:00-де "Астана Опера" сахнасында "Con anima" концерті ұйымдастырылады.


Оқи отырыңыз: Театр, музей, кітапханаға экскурсия. Жазғы демалыста балаларға арналған қандай шаралар өтеді?


26 қаңтар күні сағат 14:00 және 16:00-де Қуыршақ театры "Как появилось эхо" ертегісін көрсетеді. Сол күні сағат 18:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында "Астана кеші көңілді" концертін өтеді. Кешкі сағат 19:00-де қала тұрғындары мен қонақтарына М.Горький атындағы орыс драма театры "Гоголь. Санкт-Петербург", "Астана балеті" "Золушка" балетін, Қуанышбаев атынағы қазақ театры "Патша көңілілім, не дейсің?!", "Жастар" театры "Шырақ" қойылымдарын ұсынады.

27 қаңтар күні сағат 11:00-де Горький атындағы театр "Коза – Дереза", ал 18:00-де "Конец лета" спектакльдеріне шақырады. Қуыршақ театры сағат 12:00 және 16:00-де "Как появилось эхо" ертегісін көрсетеді (27 және 28 қаңтар).

17:00-де "Астана Операда" "Бетховен – Бессмертие – Любовь" балетіне баруға болады (27 және 28 қаңтар). Сонымен қатар елордалық филармония қазақстандық флейташы Қайролла Жұмакеновты еске алуға арналған "VIVAT MAESTRO" концертіне шақырады.

"Астана балетінде" сағат 18:00-де "Золушка", Мәмбетов аатындағы театрда "В главной роли…", ал Қуанышбаев атындағы қазақ театрында "Құнанбай" драмасы көрсетіледі.

27 және 28 қаңтар күндері сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театры "Мадмуазель Нитуш" спектакліне шақырады. Осы уақытта "Жастар" сарайының сахнасында композитор Арно Бабаджанянның шығармашылығына арналған "Благодарю тебя…" концерті өтеді.

"Жастар" театрында "Жанарымдағы жалғыз әуен" атты театрландырылған концерттік бағдарлама дайындалуда.


Оқи отырыңыз: Solo travel: 2 жылда қалай әлемнің 26 елін жалғыз аралауға болады?


19:30-да QAZAQSTAN ОКЗ-да екі кеш бойы көрермен "Алдар Көсе" мюзикліне бара алады.

28 қаңтар күні сағат 11:00-де Горький атындағы театрда "Снежная кололева", ал сағат 18:00-де "Примадонны" спектакльдері өтеді. Осы уақытта Қуанышбаев атындағы қазақ театрында "Ұйықым келмейді" спектаклі ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары