Елімізде пәтер бағасы қымбаттады

Жаңа тұрғын үйлер Павлодарда, Ақтауда және Семейде айтарлықтай қымбаттаған.

Елімізде бір жылда пәтерді қайта сату бағасы 1,9 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 5 пайызға артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырмен салыстырғанда 26,8 пайызға өскен.

"Өңірлер арасында жаңа тұрғын үй нарығында жылдық баға Павлодарда 18,1 пайызға, Ақтауда 18 пайызға, Семейде 16 пайызға өсті. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі бойынша Семей (29,9 пайызға), Ақтөбе (22,4 пайызға), Қызылорда (19 пайызға) және Қостанай (18,8 пайызға) көш бастап тұр. Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Көкшетауда (45,5 пайызға), Петропавлда (41,5 пайызға), Ақтауда (41,1 пайызға) және Алматыда (38,8 пайызға) айтарлықтай өскен", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз