Тікелей эфир

Бір бөлмелі пәтер – 7 млн теңге. Қазақстанның қай қаласында пәтер бағасы арзан?

Елімізде Алматы, Астана және Шымкент қалаларында пәтер бағасы шарықтап тұр.

Қазақстандағы пәтерлердің орташа бағасы 19,3 млн теңгені құрайды. Бұл туралы тұрғын үй нарығын зерттеген krisha.kz сарапшылары хабарлады.

Елімізде Алматы, Астана және Шымкент қалаларында пәтер бағасы шарықтап тұр. Яғни, 1-3 бөлмелі пәтерлердің бағасы 15,5 пен 43 млнн теңге аралығында саудаланады.


Оқи отырыңыз: Жаңа облыс орталықтарында пәтер бағасы 20 пайыз қымбаттады


Қалған рейтингті әрі қарай Ақтау, Ақтөбе, Семей, Түркістан, Көкшетау, Орал, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Қостанай, Қонаев, Атырау жалғастырады. Бұл қалаларда пәтер бағасы 12 млн теңгеден басталып, 26,5 млн-ға дейін бағаланады.

Ал ең арзан пәтерлер Қызылорда, Тараз, Талдықорған қалаларында. Бағасы – 7-21 млн теңге арасында.

Қазақстандағы пәтерлердің орташа бағасы:

  • бір бөлмелі пәтер– 13,2 млн теңге,
  • екі бөлмелі пәтер – 19 млн теңге,
  • үш бөлмелі пәтер – 25,6 млн.теңгені құрайды.
Серіктестер жаңалықтары