Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен күндізгі сауда қорытындыланды. Доллардың орташа өлшенген бағамы 0,25 теңгеге төмендеп, 444,58 теңге болды.
Ұлттық банктің 17 қыркүйекке белгілеген ресми айырбас бағамы – 444,88 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанада айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 443 теңгеден сатып, 450 теңгеден сатуға болады. Еуро 509–519 теңге, рубль 4,95–5,15 теңге аралығында.
Алматыда долларды 444,52 теңгеден сатып, 446,37 теңгеден сатуға болады. Еуроның бағамы 509,75–514,98 теңге, рубль 5–5,12 теңге аралығында қалыптасқан.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 444,62 теңгеден сатып алынып, 446,67 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 509,12 теңгеден сатып алынып, 515,81 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 5,04–5,11 теңге аралығында.