Депутат Жигули Дайрабаев 7 маусымда Жамбыл облысы Тұрара Рысқұлов ауданында өткен сот ісі бойынша жеңілді.
Жамбыл облысы Тұрара Рысқұлов ауданының судьясы Сержан Қалқабаев Меркі ауылында заңсыз сатылған үйге қатысты үкім шығарды. Атап айтқанда, сот Саит Рузиевтің талап арызын толығымен қанағаттандырды.
"Фатима Рузиева мен Жигули Дайрабаевтың арасындағы сату-сатып алу мәмілесінің күші жойылды. Заңнамаға сәйкес үй бірлесіп сатып алынған мүлік ретінде танылды және ондағы Саит Рузиевтің үлесін анықтау туралы шешім шығарылды," – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ауған соғысының ардагері Саит Рузиев пен оның бұрынғы әйелі арасындағы сот бірнеше жылға созылған. Рузиевтің бұрынғы әйелі құжатты қолдан жасап, Меркідегі ортақ үйді Жигули Дайрабаевқа сатып жібергенін айтқан.