Тікелей эфир

"Меркіде бір метр де жерім жоқ". Жигули Дайрабаев желідегі айыптауларға жауап берді

Оның айтуынша, Меркідегі үйінің келісім-шарты заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған. 
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев жылжымайтын мүліктерге қатысты айыптауларға facebook парақшасында жауап берді. 
Оның айтуынша, Меркідегі үйінің келісім-шарты заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған. 
"Нотариус арқылы жасалған келісім-шартымыз заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған. Ақша талап етіп жүрген азаматты танымаймын. Білуімше, бұл азамат үй сатқан әйелдің бұрынғы жұбайы (ажырасқан). Ерлі-зайыптылардың арасына кірісетін адам емеспін. Ол менің осы лауазымымды пайдаланып, бопсалау жолын таңдаған. Айта кетейін, мұндай әрекет бірінші рет емес. Осыдан біраз уақыт бұрын мені кінәлаған адам мені қаралағаны үшін соттың шешімімен жазаланып, айыппұл төлеген болатын. Бұл әрекетін тоқтатпаса, қайтадан сотқа жүгінуіме тура келеді" – деді депутат.

Оқи отырыңыз: Жигули Дайрабаев ұлдарының істі болуы туралы: Ат төбеліндей адам шулады екен деп мандатымды тастамаймын


Кеңес ауылындағы жердің өзіне қатысы жоғын да атап өтті.

"Бұл жағдай 20 жыл бұрын болған. Жерге қатысты компанияның иелері – ағайынды Иембердиевтер (Ерлан мен Нұрлан Ергешбайұлы). Олар қазір Қазақстанда, шатаспасам, Алматыда тұрады. Жердің де, ақшаның да иесі осылар. Менің бұл іске ешқандай қатысым жоқ. Кезінде мен тек жалдамалы қызметкер болдым. Меркі ауданында 1 метр де жерім жоқ. Сондықтан, ауылдағы наразы адамдардың арыздары жер иелері Иембердиевтерге жолдануы тиіс деп есептеймін" – деді ол. 
Серіктестер жаңалықтары