БЖБ мен ТЖБ бірте-бірте мектептің орта және жоғары сыныптарынан да алынады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алдымен өзгерістер 5-9 сыныптарға енгізіліп, кейін 10-11 сыныптардағы бағалау жүйесі қайта қаралады.

Қазақстан мектептерінде жиынтық бағалаудың БЖБ және ТЖБ түрлерін барлық сыныптарда кезең-кезеңімен алып тастау жоспарланып отыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биыл ведомство бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламалары мен бағалау жүйесіне толық талдау жүргізген. Оның қорытындысы бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны мен оқушылардың білімін бағалау тәсілдері қайта қаралды.

Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ-ны аралық бағалау жүйесіне ауыстырды. Бұл ретте тоқсандық бағалау ретінде ТЖБ өткізілмейді. Оның орнына оқушылардың күнделікті оқу жетістіктерін бағалауды көздейтін қалыптастырушы бағалаудың рөлін арттыру жоспарланып отыр.

"Келесі кезең – 5-9 сыныптар. Бұл келесі жылы жүзеге асырылады. Одан кейін 10-11 сыныптардағы жүйені де қайта қараймыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің мәліметінше, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында бағалау мәселелері бойынша арнайы департамент құрылды. Ол мұғалімдерге бағалау тәсілдері мен критерийлері бойынша әдістемелік және талдамалық материалдар, сондай-ақ марк-схемалар әзірлеуде.

Бұл жұмыстар 5-9 сыныптардағы БЖБ мен ТЖБ-ны жоюға дейін мұғалімдерді жаңа бағалау жүйесіне дайындау үшін жүргізіліп жатыр. Ал 10-11 сыныптардағы бағалау жүйесін қайта қарау 2028 жылға жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан мектептерінің бастауыш сыныптарында БЖБ мен ТЖБ 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап жойылды. Оқу-ағарту министрлігі бұл шешімді аталған бағалау түрлері кіші жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін толық көрсете бермейтінімен және оларға қосымша оқу әрі эмоционалдық салмақ түсіретінімен түсіндірді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау