Тікелей эфир

Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды

Бұған дейін ол Жамбыл облысының әкімі болған.

Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрлігін басқарды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – деп жазылған Президент жарлығында.


Оқи отырыңыз: Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.


2022 жылдың сәуірінен бастап Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысын басқарды. Ол бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Байзақ ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары