Арман Қырықбаев Тэджонда генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің телеграм арнасы
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің телеграм арнасы
Генерал Хон Бом До Қазақстан мен Кореяның тарихында ерекше орын алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Корея Республикасының Тэджон қаласындағы мемориалдық кешенге барып, генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министр Корея Республикасына Қазақстан президенті бастаған мемлекеттік сапардың ресми делегациясы құрамында барды. Кешенде құрмет қарауылының қатысуымен арнайы рәсім өтті. Арман Қырықбаев мемориалға гүл шоғын қойып, генерал Хон Бом Доның рухына тағзым етті.

Тэджондағы мемориалдық кешенде Кореяға айрықша еңбек сіңірген 150 мыңға жуық адам жерленген.

Генерал Хон Бом До Қазақстан мен Кореяны байланыстыратын ортақ тарихта ерекше орын алады. Ол өмірінің соңғы жылдарын Қазақстанда өткізіп, Қызылордада жерленген. 2021 жылы оның сүйегі Қазақстанның қолдауымен Корея Республикасына жеткізіліп, Тэджонда қайта жерленді.

Биыл генералдың сүйегі Қызылордадан Кореяға жеткізілгеніне бес жыл толады.

Сапар соңында Арман Қырықбаев мемориалдың Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау