4 маусымда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігі мен орталығында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін. Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда күндіз ауа температурасы 30–33 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +21...+23°C.
Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +16...+18°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +26...+28°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, кей уақытта аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.
Қостанайда бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +21...+23°C.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +25...+27°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +30...+32°C.