USD: 471.7 / 474.3
  • EUR: 542.5 / 547.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Әншіні шайтанның азаншысына балаған пікірге діни басқарма жауап берді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ислам тек арсыздыққа, азғындыққа және шариғат тыйым салған істерге үндейтін әндерді ғана құптамайды.

Жетісайда өткен тойда қонақтардың бірі музыканы харам деп, әншілерді шайтанның азаншысына балап айыптауы көпшіліктің наразылығын туғызды. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын жариялады. 

"Ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді. Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттама беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз", – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде. 

Діни басқарманың түсіндіруінше, Ислам діні адамды арсыздыққа, азғындыққа және шариғат тыйым салған істерге үндейтін әндерді ғана құптамайды. Ал Ислам діні мен дәстүрлердің асыл құндылықтарын дәріптейтін, Отанды қорғауға, ата-ананы қадірлеуге үндейтін, адамгершілік пен ізгілікке шақыратын әндерге рұқсат беріледі. Бұл жайында Ислам ғалымдарының пікірі бар.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қауымын, барша халықты әрқашан өзара құрметке, парасатқа, көркем мінезге және бірлікке үндеп келеді. Осы ретте тағы да ел азаматтарын сөз жауапкершілігіне ден қоюға, діни мәселелерде тек ресми діни қызметтегі білікті ғалымдардың түсіндірмесіне сүйенуге және қоғамның ауызбіршілігін сақтауға шақырамыз", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әнші Роза Әлқожа тойда тілек айтуға шыққан қонақтың әншілерді "шайтанның азаншысы" деп атағанын айтып, сынға алған болатын.

Кейін Президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қарин қоғамдағы мәдениет пен дінді бір-біріне қарсы қоюды және әсіредіншілдікті сынға алды. 

Оның айтуынша, Қазақстан қоғамында бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұруы тиіс. 

"Тойда тілекке шығып, ерсі уағыз айтып кеткен ер адамның видеосын желіден көріп қалдым. Шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат. Ұлттық таным-түсінікке сәйкес келмейді. Өйткені, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады", – деді ол. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау