Альпинист Жәмилә Баширова Антарктидадағы Винсон тауының биігін бағындырды

Жәмилә Башированың Эверест шыңына көтерілу кезіндегі суреті. Фотоны Жәмила Баширова ұсынды
Жәмилә Башированың Эверест шыңына көтерілу кезіндегі суреті. Фотоны Жәмила Баширова ұсынды
Винсон массиві шыңының биіктігі – 4892 метр.

Қазақстандық альпинист, Эвересті бағындырған қазақтың екінші қызы Жәмилә Баширова Антарктидадағы Винсон тауының ең биігін бағындырды. Бұл туралы ол Instagram желісінде хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhamilya Bashirova (@zhamilya_bashirova)

Антарктида тауларындағы биіктер – альпинистер үшін ең қиын шыңдар қатарына жатады. Биіктігі 5 мың метрге жетпегенімен, ауа райының және географиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты Винсон тауының биік нүктесін бағындырғандар көп емес. Олардың саны, тіпті Эверест биігіне көтерілгендерден әлдеқайда аз. Алғаш рет Винсон шыңына альпинистер 1966-1967 жылдары көтерілсе, одан бері бұл биікке шыққан альпинистер саны мыңнан сәл асады. 

"Антарктида – әлемнің ең қатал әрі суық континенті. Мұнда температура -30 градустан төмен, қатты жел мен қалың қар жағдайды қиындатады. Осындай сын-қатерлерге қарамастан, Жәмилә өзінің қайтпас қайсарлығымен және кәсібилігімен бұл шыңды бағындырды. Жерлесіміз Жәмилә Баширова Антарктиданың ең биік нүктесі – Винсон массивін бағындырып, барша Бесқарағай жұртшылығының мақтанышына айналды. Бұл – тек Жәмиләнің ғана емес, қазақстандық альпинизмнің халықаралық деңгейде мойындалуына қосылған маңызды үлес", – деп жазды Жәмилә туып-өскен Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынханұлы

Еске салайық, 2024 жылы Жәмилә Баширова Эверест шыңын бағындырып, Анар Бурашевадан кейінгі Гималай биігіне шыққан екінші қазақ қызы атанды. 

Информбюро порталының Жәмилә Башировамен және Анар Бурашевамен сұхбатын төмендегі сілтемелерге өтіп оқи аласыздар: 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары