USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Алматының Медеу ауданында тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма сотқа талап-арыз жолдаған.

Алматының Медеу ауданында тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр, деп хабарлайды Қала құрылысын бақылау басқармасы. 

Басқармасы өкілдерінің мәліметінше, сот шешімі негізінде Бегалин көшесі, 140 мекенжайындағы тұрғын үйге заңсыз салынған екі қабатты қосымша нысан бұзыла бастады.

Басқарманың хабарлауынша, меншік иесі сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық жобаны рәсімдемей-ақ, тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде үйге қосымша құрылыс салынып, үстінен қосымша үй-жайлар тұрғызылған.

"Аталған заңбұзушылыққа байланысты меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма сотқа талап-арыз жолдаған. Медеу аудандық сотының шешімімен қала құрылысын бақылау басқармасының тұрғын үйге салынған үстеме қабат пен екі қабатты қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арызы қанағаттандырылды", – делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз күшімен бастады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау