USD: 468.7 / 471.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Алматыда 30 жаңа аспалы жол салынады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда "Шымбұлақ" пен Oi-Qaragai бір жүйеге біріктіріледі.

Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын ауқымды кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоба аясында "Медеу" базалық станциясы арқылы "Шымбұлақ" пен Oi-Qaragai курорттарын біріктіретін бірыңғай тау курорттары жүйесі құрылады.

"Сондай-ақ 30 жаңа аспалы жол салынып, жалпы ұзындығы 151 шақырым болатын тау шаңғысы трассалары жасалады. Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту да жоспарланған. Жоба толық іске асқаннан кейін тау шаңғысы жүйесінің тәуліктік қабылдау мүмкіндігі бес есеге артып, 6 мыңнан 30 мың келушіге дейін жетеді", – делінген хабарламада. 

Туризм басқармасының мәліметінше, 2029 жылға дейінгі Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр.

"Құжат жеті бағыт бойынша 73 іс-шараны қамтиды. Онда тау инфрақұрылымын дамыту, тау шаңғысы курорттарының бірыңғай жүйесін қалыптастыру, жаңа аспалы жолдар салу және туристік маршруттарды дамыту қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шетелдік туристер саны 986 мыңнан 1,7 миллион адамға дейін өседі деп күтілуде. Сондай-ақ туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 101,8 мың адамға дейін артады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау