USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Алматының Әуезов ауданында 1 500-ге жуық заңсыз жарнама алынып тасталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алматыда көшелердің сәулеттік келбетін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр

Алматының Әуезов ауданында қаланың бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы жұмыстар аясында 1 500-ге жуық заңсыз орнатылған маңдайша мен жарнама құрылымы алынып тасталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, дизайн-код талаптарын іске асыру аясында Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Полиция департаменті бірлесіп заңсыз орналастырылған 1 500-ге жуық маңдайша мен жарнама құрылымын алып тастаған.

"Қазір Алтынсарин және Абай даңғылдары, сондай-ақ Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойындағы 15 учаскеде ғимараттардың қасбеттері мен маңдайшаларын қаланың дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар аудан әкімдігі кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттер мен маңдайшаларды талапқа сәйкестендіру қажеттігі туралы 200-ден астам хабарлама табыстаған.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау