USD: 471.3 / 473.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

18 шілдеде Алматыдағы Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Төле би көшесінің бір учаскесі бір тәулікке жуық жабылады.

Алматыда инженерлік желілерде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, Төле би көшесінің Тілендиев және Брусиловский көшелерінің арасындағы учаскесінде көлік қозғалысы 2026 жылғы 18 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 13:00-ге дейін толықтай тоқтатылады.

Фото: Алматы әкімдігі

 

Уақытша шектеу инженерлік желілерде жоспарлы жұмыстар жүргізуге байланысты енгізіліп отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол қозғалысы өзгерістерін ескеруге және жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауға кеңес беріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау