Бүгін, 16 қарашада FlyArystan әуе компаниясының Алматыдан Гоаға бағыт алып ұшқан FS7415 рейсі Үндістандағы Дели әуежайына қонуға мәжбүр болды. Алғаш бұл туралы борт жолаушылары әлеуметтік желіде жазған болатын.
FlyArystan әуе компаниясының Informburo.kz порталына берген жауабына сәйкес, бұған техникалық себептер негіз болған.
Компания ұшақты Делиден Гоаға 17 қарашада таңғы 03:05-те (Дели уақыты бойынша) аттандыруды жоспарланып отырғанын хабарлады. Әзірге жолаушылар қонақүйге жайғастырылған.
Сәйкесінше, бүгін Гоадан Алматыға шығуы тиіс болған рейс те кешігеді. Жаңа жоспар бойынша, FS7416 Гоа – Алматы рейсі 17 қарашада Гоа уақыты бойынша 06:45-те аттанады. Бұл рейстің де жолаушыларын компания қонақүйге жайғастырған.
Отандық лоукостер араға 8 ай салып Дубайға әуе рейсін қайта іске қосады
FlyArystan ауа райына байланысты тоқтаған Алматы – Павлодар әуе рейсін қайта іске қосты