USD: 491.9 / 494.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Александр Пак сотта сыраны тек екі ұрттадым дейді

Фото: t.me/prokadrykz
Фото: t.me/prokadrykz
Айыпталушы қоғам қысымын сезінетінін айтты.

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол апаты бойынша кезекті сот отырысында айыпталушы Александр Пак оқиға алдында сыра ішкенін растады. Алайда оның айтуынша, ол небәрі екі ұрттам ғана ішкен және өзін мас күйде болдым деп есептемейді.

Пактың сөзінше, ол дәмханадан New Yorker сырасына тапсырыс берген.

"Екі ұрттам ғана іштім. Ұнамады, содан кейін ішкен жоқпын. Өзімді мас болдым деп санамаймын", – деді ол сотта.

Судья айыпталушының назарын бұған дейін күдікті ретінде жауап берген кезде шамамен 0,3 литр сыра ішкенін айтқанына аударды.

"Ол кезде шамалап айттым. Бірақ есімде қалғаны – екі ұрттам ғана ішкенім. Менің мас болғаным немесе өз әрекетімді түсінбегенім туралы әңгіме жоқ", – деп жауап берді Пак.

Кейін сотта одан алкогольдік масаң күйде болғаны туралы айыптаумен келісетін-келіспейтіні сұралды. Алайда айыпталушы прокурор мен жәбірленушілер тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

"Мен заңды жақсы білмеймін, бұл мәселеге адвокатым жауап береді. Бұқаралық ақпарат құралдары сөзімді бұрмалап жеткізуі мүмкін. Қоғам тарапынан қысым бар екенін сеземін және оған дайынмын. Бірақ қоғамның қысымы қаза тапқандардың отбасыларына әсер еткенін қаламаймын", – деді ол.

Александр Пакқа қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған және соның салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болған.

Еске салайық, жол апаты 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Тергеу дерегінше, Александр Пак басқарған Zeekr көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-пен бетпе-бет соқтығысқан.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз