USD: 484.7 / 487.7
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыдағы Тереңқұр көлінде қалқымалы гүл композициялары орнатылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда жаңа ландшафтық жоба жүзеге асты.

Алматыдағы "Тереңқұр" демалыс аймағындағы көл жаңа қалқымалы гүл композицияларымен толықты. Жоба қалалық ортаның эстетикалық келбетін жақсартуға және тұрғындардың демалысын жайлы етуге бағытталған. Бұл туралы Eco Almaty өкілдері хабарлады.

"Көгалдандыру бағдарламасы аясында кәсіпорын мамандары көл бетіне сәндік қалқымалы гүлзарлар орналастырған. Түрлі-түсті гүлдерден құралған композициялар көлдің келбетін көркейтіп, қала тұрғындары мен қонақтары жиі баратын демалыс аймағына ерекше сән беріп тұр", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, қалқымалы гүлзарлар ландшафтық безендірудің жаңа элементі ретінде қоғамдық кеңістіктің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында орнатылған композициялар демалыс аймағының көркін ашып қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы әрі эстетикалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Eco Almaty өкілдері мұндай бастамалар қалалық ортаны дамытуға, қоғамдық кеңістіктердің сапасын жақсартуға және Алматының жасыл келбетін сақтауға ықпал ететінін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз