Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Ғабдуллин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 5 маусым сағат 08:00-ден 6 маусым сағат 06:00-ге дейін Ғабдуллин көшесінің Байзақов көшесі мен Манас көшесі аралығындағы бөлігінде қозғалыс толықтай жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орналастырылады. Қала билігі тұрғындар мен жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Сондай-ақ қозғалысқа енгізілетін барлық шектеулер туралы ақпарат AlmatyJoly Telegram арнасы, әкімдіктің ресми әлеуметтік желідегі парақшалары, сондай-ақ 2GIS және Яндекс Карталар сервистерінде жарияланып отырады.