Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Дәмхана заңсыз қосалқы құрылыстан айырылды.

Алматы қаласында Розыбакиев көшесі, 166 мекенжайындағы дәмхана заңсыз салынған жазғы террасаны бұзуды бастады. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, жоспардан тыс тексеру кезінде ғимараттың қасбет жағында рұқсатсыз қосалқы құрылыс анықталған. Сонымен қатар нысандар пайдалануға беру актісіз қолданылып келген.

"Тексеру нәтижелері бойынша акт шығарылғаннан кейін меншік иесі заңсыз нысанды ерікті түрде бұзуды бастап кетті. Қазіргі уақытта қосалқы құрылыстың бірі толық бұзылды, ал меншік иесі екіншісін сүру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз