"Дос-Мұқасан", Роза Зергерлі: Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мейрамына орай концерт өтеді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Мерекелік кештің арнайы қонағы – Роза Зергерлі.

Алматы қаласында 21 наурыз күні Астана алаңы Наурыз мейрамына арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін орталық алаң ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдениетті ұштастырған үлкен мерекелік кеңістікке айналады.

Бағдарлама аясында қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цифрлық турлар, роботтар ұсынылатын интерактивті аймақтар және тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады.

"Сахнада "Дос-Мұқасан", "МузАРТ", "Ұлытау", "Алашұлы" топтары, сондай-ақ Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева, Талғат Күзембаев, Айгүл Елшібаева, Ернар Айдар, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова және Әсет Есжан сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Мерекелік іс-шараның арнайы қонағы – Әзербайжаннан келген әнші Роза Зергерлі", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз