Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде кері бағыттағы қозғалыс (реверсивті қозғалыс) ұйымдастырылады.
"Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және белгіленген жылдамдық режимін қатаң ұстануды сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. Еске саламыз, жол қозғалысына енгізілген уақытша шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" қосымшаларында жарияланады", – делінген хабарламада.