Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі төрт күнге жабылады. Осыған байланысты 11 автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді.
17 қыркүйек сағат 22:00-ден 21 қыркүйек сағат 24:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылы мен Абылай хан даңғылы арасындағы учаскесінде автокөлік қозғалысына толық шектеу қойылады.
Жол жабылған кезеңде №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттарының қозғалысы өзгереді.
№16 автобус шығыс бағытта Төле би көшесінен Абылай хан даңғылына, одан Гоголь көшесіне бұрылып, әрі қарай соңғы аялдамаға дейін жүреді. Батыс бағытта Гоголь көшесінен Абылай хан даңғылы арқылы Төле би көшесіне шығады.
№37, №48, №201, №206, №209, №210 және №224 бағыттары шығыс бағытта Абылай хан даңғылы – Қабанбай батыр көшесі – Назарбаев даңғылы арқылы Төле би көшесіне шығады. Кері бағытта автобустар Төле би көшесінен Назарбаев даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі – Абылай хан даңғылы арқылы жүреді.
№126 автобус шығыс бағытта Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесі арқылы Қалдаяқов көшесіне шығады. Кері бағытта Қалдаяқов көшесі – Гоголь көшесі – Абылай хан даңғылы арқылы Төле би көшесіне өтеді.
№205 автобус шығыс бағытта Желтоқсан көшесінен Гоголь көшесіне, одан Назарбаев даңғылы арқылы Төле би көшесіне шығады.
Батыс бағытта Төле би көшесінен Назарбаев даңғылы – Гоголь көшесі – Наурызбай батыр көшесі арқылы әрі қарай қозғалады.
Қала әкімдігі тұрғындардан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.