USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Алматыда Манас көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
31 шілдеден бастап Манас көшесінде қозғалыс тоқтатылады.

Алматыда Манас көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толықтай жабылады. Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Қала әкімдігі жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Көлік қозғалысына енгізілген шектеулер туралы өзекті ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" сервистерінде жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау