USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық өнім жеткізіледі

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
318 фермер Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкеге қатысады.

Алматыда осы сенбі және жексенбі күндері өтетін демалыс күнгі жәрмеңкелерде тұрғындарға 300 тоннаға жуық ет, көкөніс және жеміс-жидек өнімдері ұсынылады. Жәрмеңкеге Алматы қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 318 фермер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Келушілер картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша, қияр, қызанақ, алма секілді жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидектерді, сондай-ақ сиыр, қой, жылқы, шошқа және құс етін сатып ала алады. Жалпы сауда алаңдарында мыңнан астам түрлі өнім ұсынылады.

"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, демалыс күнгі жәрмеңкелер отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өнімдерін делдалсыз, тікелей және қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік береді. Қазір жәрмеңкелер Алматының Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу аудандарында жұмыс істейді.

"Алматы" ӘКК жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғыртып жатқанын хабарлады. Қазір Бостандық ауданындағы (Қазақфильм шағынауданы) жәрмеңке жаңартылып жатыр, ал оның ресми ашылуы тамыз айына жоспарланған. Сондай-ақ Әуезов ауданындағы жәрмеңке де жаңғыртылуда. Осыған байланысты бұл аудандағы сауда алаңы уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілген.

Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

  • Бостандық ауданы – Қазақфильм шағынауданы;
  • Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
  • Медеу ауданы – Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;
  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
  • Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау