Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 14 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін Ақан Сері көшесінің Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толықтай жабылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері қойылып, мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.
Қала билігі жүргізушілерден кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Еске салайық, Алматыдағы жол қозғалысына қатысты барлық уақытша шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің ресми әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" қосымшаларында жарияланып отырады.