USD: 470.1 / 473.1
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Алматыда оныншы қабаттан құлаған қыз ауруханада жатыр

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
20 жастағы бойжеткеннің биіктен құлау дерегі тексеріліп жатыр.

Алматыда көпқабатты үйден құлаған 20 жастағы бойжеткен ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақталғанын және өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас клиникаға көптеген ауыр жарақатпен, аса ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп, бойжеткеннің өмірін сақтап қалды. Қазір ол мамандардың тұрақты бақылауында.

Оқиға түнгі уақытта тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Куәгерлердің сөзінше, бойжеткен аталған үйде тұрмаған. Ол подъезге кіріп, жоғары қабатқа көтерілген. Артынан келген танысы оны сабырға шақырып, төменге түсіруге тырысқан және тұрғындардан көмек сұраған.

Куәгерлер қызды тоқтатуға әрекет жасағанымен, оны құтқарып қала алмаған. Биіктен құлаған бойжеткен алдымен ғимараттың кіреберісіндегі шатырға соғылып, кейін жерге түскен. Тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырған.

Алматы қаласы Полиция департаменті аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиға алдында бойжеткен мен оның танысы арасында жанжал болған. Танысының сөзінше, қыз бұған дейін де өзіне қол жұмсау туралы ой айтқан болуы мүмкін. Сондай-ақ оның оқиға кезінде алкогольдік масаң күйде болған-болмағаны тексеріліп жатыр.

Құқық қорғау органдары бойжеткеннің тұрғын үй кешеніне қандай мақсатпен келгенін, оқиғаға дейінгі жағдайды және куәгерлердің мәліметтерін зерттеп жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, қыз биіктен өзі құлаған. Қазіргі уақытта іс бойынша күдікті жоқ.

Куәгерлер бойжеткенмен бірге болған жігіттің оны құтқаруға тырысқанын және оқиғаға физикалық тұрғыдан қатысы болмағанын айтқан. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау