USD: 487.7 / 490.3
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Алматыда алаяқтарға алданған 75 жастағы қария мен немересі үйін қайтаруға көмек сұрады

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Жәбірленушілердің ойынша, үйдің қазіргі иесі де алаяқтардың сыбайласы болуы мүмкін.

Алматыда алаяқтардың арбауына түскен 75 жастағы қария мен оның 12 жастағы немересі далада қалды. Жәбірленушілердің айтуынша, әккілер полиция мен тіпті Әділет министрлігінің атын жамылып қорқытқан. Салдарынан оларды жалғыз баспанасын басқа адамның атына аударуға мәжбүрлеген. Сан соғып қалған зейнеткер артынша сотта да жеңілгенін айтады. Ақырында құзырлы органдар кейуана мен қаршадай қызды пәтерден күштеп шығарып жіберген, деп хабарлайды "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Заттары далада шашылып, тақыр жерде отырған 12 жастағы жеткіншек пен сырқаты бар 75 жастағы зейнеткер алаяқтардың кесірінен үйсіз қалғанын айтады. Әңгіменің әлқиссасы осыдан 2 жыл бұрын басталған. Жәбірленушінің сөзінше, сол кезде бейтаныс адам қоңырау шалып, олардың банк шотына алаяқтар шабуыл жасағанын жеткізіп шошытқан. Ары қарай нұсқама беріп отырып, түбінде баспанасын сатуға шығартқан.

"Үйіңізге де алаяқтар қауіп төндіріп тұр, дереу басқа адамның атына ауыстыру керек" деп қорқытты. Содан бір нотариусқа алып барды. Құжатқа "пәтер 35 миллион теңгеге сатылды" деп қол қойдырып, қолымызға 19 миллион теңге берді. Ол ақшаны да өздері қайтарып алды. Алаяқтарды ұстау операциясын жүріп жатыр деп сендірді. Сөйтсе олардың өзі алаяқ екен", – деді Жолшықан Корғамбаеваның қызы Лаура Елубаева.


Оқи отырыңыз: "Жарықты өшірсек те, сымдар жарқылдап тұрады". Ақтөбеде апатты үйдің тұрғындары облыс әкімінен көмек сұрады


Жәбірленушілер мұның бәрі қойылым, алаяқтардың тұзағы екенін баспана басқаға сатылып кеткенде бір-ақ білген. Алайда соның өзінде әккілер соңына дейін "Үйіңіз өз атыңызда" деп сендіріп келген. Арада уақыт өтіп, сот болады. Бірақ онда пәтерді босату туралы шешім шыққан. Ақырында үйге арасында жеке сот орындаушысы, тағы белгісіз адамдар келіп, есікті бұзып 3 нәзік жандыны сыртқа шығарады.

"35 жыл тұрдым осы жерде, енді қаңғырып жүрмін иттер ұқсап. Қалай өмір сүруге болады? Ешкім көмектеспейді, бір адам жоқ. Қайда тұрамыз. Жалғыз сұрайтыным, пәтерімді қайтарыңыздаршы, өтінемін", – деп күйінді жәбірленуші Жолшықан Корғамбаева.

Алаяқтардың кесірінен үйсіз қалдық деген кейуананың айтуынша, оларды пәтерден осыдан 2 күн бұрын қуып шыққан. Кейін бірден басқа адамдар кіріп алды дейді. Үйге барып, домофонға хабарласқан кезде қоңырауға ешкім жауап бермеді. Жәбірленушілердің ойынша, үйдің қазіргі иесі де алаяқтардың сыбайласы болуы мүмкін.

Бүгінде полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір алаяқтыққа қатысы барлар іздестіріліп жатыр. Ал баспананы босату туралы шешімге қатысты сот әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз