Алматыда LRT жобасын жүзеге асыруға байланысты Абылай хан даңғылының кей учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
10 қыркүйек сағат 22:00-ден 11 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мақатаев пен Мәметова көшелерінің арасындағы учаскеде көлік қозғалысы толық жабылады.
"Сонымен қатар осы уақыт аралығында Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі. Жолдағы жұмыстардың аяқталу мерзімі технологиялық үдеріске байланысты өзгеруі мүмкін. Жөндеу жүргізілетін учаскелерде тиісті ескерту белгілері қойылады", – делінген хабарламада.
Жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауға кеңес беріледі.
Жол қозғалысына қатысты жаңартылған ақпарат @Almaty_Joly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карталар" сервистерінде жарияланады.