Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ең көп неке маусымда қиылған.

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Әсіресе жаз айларында үйленген жұптардың саны артқан. Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Осы мереке қарсаңында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию статистикасын жариялады.

Жаздың үш айында Қазақстанда 38 мыңнан астам жұп некесін ресми түрде тіркеген. Неке қию бойынша ең белсенді ай – маусым. Осы кезеңде 15 мыңнан астам неке рәсімделген. Ал тамызда 11 761, шілдеде 11 674 жұп отбасын құрған.

Жаңа отбасылар саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында. Қалада жыл басынан бері 12 344 неке тіркелген.

Одан кейін:

  • Астана – 9 074 неке;
  • Түркістан облысы – 5 611 неке.

Неке қию туралы өтінішті тіркеуші органға барып, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау